А. Төртінші саусақ екіншіден ұзынырақ болған жағдайда:Төртінші саусақ екіншіден ұзынырақ болған жағдайда:Саусақтары мұндай адамдар – батыл, шешім қабылдауға жүрексінбейтін, жиі тәуекелге баратын жандар. Олар – ақылды, логикасы дамыған адамдар. Сонымен қатар, бұл жандар өзгелерден гөрі көбірек ақша табады. Саусақтары мұндай қыз бала әлі тұрмыс құрмаған болса, табысты адаммен жұп құрауға мүмкіндігі мол екенін айтуға болады.
В. Төртінші саусақ екіншіден қысқа болған жағдайда:
Саусақтары мұндай адамдар тәкаппар болады. Көңілі тоқ болғандықтан, өздерімен-өзі болғанды жақсы көреді. Әдетте, мұндай адамдар бірінші болып ұсыныс жасамайды. Бұл тек махаббатқа ғана емес, бизнеске де қатысты. Бірақ айтылған фактілерге қарамастан, өзіне деген назарды бағалайды және мақтау, қошемет сөздерді қабылдай біледі.
С. Төртінші мен екінші саусақтардың ұзындығы бірдей болған жағдайда:
Мұндай адамдар өте мейірімді әрі көңілі ашық болады. Олар ұрыс-керісті ұнатпайтындықтан, кикілжің тудыратын жағдайлардан ары жүруге тырысады. Бұлар тазалық пен тәртіпті жақсы көреді. Кез келген адаммен тіл табыса алады.