Ихлас сүресінің қасиеті Хадис шәрифтерде былай деп бұйырылды: “Ихлас сүресін оқу, бүкіл Құран кәрімнің үштен біріне тең.” “Құран кәрімнің ең қасиетті сүресі Ихлас сүресі.” “Арафа күні 1000 рет Ихлас сүресін оқыған адамның бүкіл күнәлары кешіріледі және барлық дұғалары қабыл болады.” Барлығын бисмилләмен оқу керек. “Мазараттың жанынан өткенде он бір Ихлас оқып, иманмен жан тапсырған мәйіттердің рухтарына бағыштаған адамға ол жердегі өлілердің мөлшеріндей сауап беріледі.” “Төсекке жатқанда Фатиха және Ихлас сүресін оқыған адам өлімнен басқа барлық нәрседен амандықта болады.” “Үйге кірерде Ихлас сүресін оқыған адам кедейлік көрмейді.” “Кімде-кім таңғы намаздан кейін Ихлас сүресін 11-рет оқыса, ол күні оған бірде бір күнә жақындамайды. Шайтан азғыруға тырысса да қорғанған болады.” “Жолға шығатын адам үйінің есігін жауып шығып 11-рет Ихлас сүресін оқыса ол қайтқанға дейін Аллаһу та’ала оны (үйін) қорғайды.” “Кімде-кім шам намазынан кейін (сөйлемей) екі рәкат намаз оқып бірінші рәкатында Фатиха және Кәфирун, екінші рәкатта Фатиха және Ихлас сүрелерін оқыса, жыланның терісі сыпырылып түскені сияқты оның да күнәлары солай сыпырылып түседі.” “Тамақты бастағанда бисмиллә айтуды ұмытқан адам тамақ жеп біткеннен кейін Ихлас сүресін оқысын!” “Кімде-кім күніне 200-рет Ихлас сүресін оқыса, қарыздарынан басқа 50 жылдық күнәлары кешіріледі.” “Кімде-кім өлім ауруында Ихлас сүресін оқыса, қабір азабын көрмейді. Қабірдің қысуынан амандықта болады. Періштелер оны қанаттарында алып жүреді және сырат көпірінен өте жылдам өткізеді.” “Жұма намазынан кейін 7 рет Ихлас және Муауиззатәйн (яғни Фәләқ және Нас сүрелерін) оқыған адамды Аллаһу та’ала бір апта қазадан, бәледен және жаман істерден қорғайды.” “Мазаратқа кіргенде Фатиха, Фәләқ, Нас және Ихлас сүрелерін оқыңдар! Сауабын мәйіттерге бағыштаңдар! Сауабы бәріне тиеді.” (c)

Теги других блогов: өлім ихлас құран